• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында 220 өтініш мақұлданды – А.Мамытбеков 01.07.2014

«Агробизнес-2020» бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтырудың ірі элементі болып табылады. Бағдарлама несиелік ескі қарыздарды созу мен арзандататын сауықтырудың тиісті тетіктерін қарастырады. Бүгінге дейін АӨК кешендерінен 167 млрд теңгенің 217 өтініші мақұлданды. Жоспар бойынша жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 300 млрд теңгеге дейін жеткізу ойда бар», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салалық бағдарламасы 2013 жылдың 12 ақпанында қабылданған.  

Бағдарлама төмендегі көрсеткіштерді қамтиды: 4,5 есеге дейін АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылықты мемлекеттік қолдау көлемін арттыру, кемінде 8 жылға дейінгі мерзіммен 300 млрд теңге көлемінде қарызды қайта құрылымдау мен қайта қаржыландыру есебінен АӨК субъектілерінің қарыздық жүктерінен арылту және өзге де шаралар қарастырылған.  

Сонымен қатар, құжат Кедендік одақ шарттарындағы бәсекелестіктің артуына және алдағы ДСҰ-ға енуге орай дайындалған. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list