• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкімет қаржы дағдарысын болдырмау мақсатында жұмысын төрт бағыт бойынша жүргізбек 20.06.2014

«2014-2015 жылдар дамып жатқан нарықтардың дағдарыс уақыты. Бірінші кезекте, бұл біздің жанымыздағы мемлекеттер - Ресей, Қытай, және өзге де бірқатар елдер нарығының дағдарысы. Біз осы елдердегі экономикалық өсімнің айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз. Бұл, әрине бізге де әсер етпей қоймайды. Қазірдің өзінде, бес айдың қорытындысы бойынша, біздің негізгі тауар өндірушілеріміздің экспорты баяулады», - деді сөз басында  К.Мәсімов.

Жалпы, Үкімет өз жұмысын төрт бағыт бойынша жүргізуді жоспарлап отыр.

«Бірінші бағыт - экономикамыздың дәстүрлі секторларына қолдау көрсету. Соңғы 2-2,5 айда барлық ірі қазақстандық тауар өндірушілермен кездесіп, мәселелерін тыңдадық. Бірқатар мәселелерді шешіп жатырмыз. Бұл өз нәтижесін береді деген үміттеміз. Экономикалық жағдай нашарлаған жағдайда жұмыс орындары қысқармауы тиіс. Екінші бағыт - өңдеу өнеркәсібіне қолдау көрсету. Ұлттық қордан бөлінген қаржының алғашқы 100 млрд теңгесі мақсатқа сай бағытталды. Үшінші бағыт, инновациялық ғылыми қамтымды экономканы дамыту. Бұл болашақтың экономикасы», - деп Премьер-министр өз ойын толықтырды.

Оның айтуынша, төртінші бағыт бойынша қызметтер секторы мен орта және шағын бизнесті дамыту көзделген. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылады деп жоспарлануда.

Камила Амирова 


Back to the list