• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жалпы салық жүктемесіндегі жер салығының  үлесі артады – А.Мамытбеков 17.06.2014

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар мәселелерді шешу мақсатында салық кодексі мен ауыл шаруашылық бағытындағы салық салу секілді мәселелерге қатысты өзге де бірқатар заңдарға өзгерістер пакеті ұсынылды. Өздеріңіз де білесіздер, жерді тиімсіз пайдалану мен әкімшілік сипаттағы шаралар мен оны хаттауға қатысты бірқатар мәселелердің бары жасырын емес. Біз бұл түйінді тарқату мақсатында тиімді пайдаланудың экономикалық ынталандыруына жүгінбекпіз», - дейді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, министр жер салығының артатыны туралы айтып, салық жүктемесін арттырмау мақсатында бірқатар салық түрлерін қысқарту мен кейбірінің алынып тасталатынын хабарлады.

«Қазіргі таңда жалпы салық жүктемесінденгі жер салығының үлесі өте төмен. Осыған байланысты жер салығын арттытып, бірқатар салық түрлерін қысқарту мен кейбірінің алынып тастау керек. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің жер салығы артқанымен, өзге салық түрлері азайтылып, қазіргі қалпында қала бермек», - дейді министр.

А.Мамытбеков жергілікті атқарушы органдардың жер салығын 10 есеге дейін арттыру құқығының берілетінін айтты.

«Жерді пайдаланбайтын кәсіпкерліктер тиісінше жерден өз деңгейінде пайда таппайды. Осыған орай салық көтерілген жағдайда олар жерді пайдалануға кіріседі немесе оны мемлекетке қайтарады. Немесе өзге біреумен біріге отырып өз кәсіптерін дамытады. Жергілікті атқарушы органдарға жер салығын 10 есеге дейін арттыру құқығы беріледі. Осылайша біз экономикалық дамуға алғышарт қалыптастырамыз», - дейді. 

Индира Кауметова 


Back to the list