17.06.2014
«Ағымдағы жылғы ақпанда теңге бағамын түзетудің нәтижесінде елде инфляциялық процестердің күшейгені байқалып отыр. Жылдың басынан бастап инфляция 4,5%-ды құрады бұл 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 2,1 пайыздық тармаққа жоғары», - деді Е. Досаев.
Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі инфляцияға негізгі үлесті қосты, өткен жылғы тиісті кезеңдегі 1,5%-ға өсумен салыстырғанда 5,1% -ға өсті. Бұл ретте азық-түлік емес тауарлардың бағасы 4,4%-ға, ақылы қызметтердің бағасы – 3,9%-ға өсті, деп атап өтті ол.
«Инфляциялық процестерді жеделдету халықтың нақты табыстарының бәсеңдеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстары нақты мәнінде 3,1%-ға өсті, ал нақты еңбекақы – 2,7%-ға өсті, бұл ішкі сұраныстың төмендеуіне ықпал етті», - деді ол.
Мадина Нұрбекова