17.06.2014
Брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Мемлекеттік бюджеттің 2014-жылғы 5 айы ішіндегі орындалуы және бюджет қаржысын тиімді пайдалану туралы»; «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кедендік әкімшілік мәселелері жөніндегі бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы туралы» тақырыптар төңірегінде әңгімелейді.
Сондай-ақ, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының үстіміздегі жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014-жылғы экономикалық өсімнің мақсатты индикаторларындағы жетістіктер туралы» тақырыпта ағынан жарылады.
Ал, ҚР Өңірлік даму министр Болат Жәмішев Мемлекет басшысының Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-шы және 27-ші пленарлық отырыстарында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың барысы туралы, Астана қаласы маңындағы аймақтарды дамытудың кешенді жоспары және азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі шаралар туралы, Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен Бизнестің жол картасы-2020 туралы баяндайды.
ҚР Әділет министрі Берік Имашев зияткерлік меншіктің кейбір мәселелері туралы айтатын болса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, АӨК саласындағы салық салуды жетілдіру туралы әңгімелейді.
Оған қоса, ҚР Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек азаматтық авиацияны дамыту мәселелері туралы атып бермек.