16.06.2014
«Біріншісі – пессимистік, егер сала бүгінгі қарқынмен дами бертін болса, 2020 жылға қарай жеке инвестиция ағымы 2 млрд долларды құрап, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 1 пайызды құрайды, нәтижесінде 50-60 мың жаңа жұмыс орны ашылады», - дейді министр.
Екінші нұсқаға келер болсақ, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы инфрақұрылымға инвестиция тарту көзделген. «Жеке инвестиция ағымы 4,5 млрд долларды құрап, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 1,5% жетеді де, 150-170 мың жаңа жұмыс орны ашылады», - дейді ол.
«Біздің мақсатымыз үшінші, оптимистік нұсқаға жету. Оған сай, жеке инвестиция көлемі 6 млрд долларды құраса, ЖІӨ көлеміндегі үлесі 4%-ға жетеді. Нәтижесінде 300 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан батыл қадамдардың қолға алынуын талап етеді», - дейді Ә.Исекешев.
Жалпы, оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы арқылы заңнамалық тұрғыдағы мәселелер қаралған. Алдағы уақытта тұжырымдама заңнамалық актілердегі түзетулермен Парламентке ұсынылады.
Камила Амирова