10.06.2014
Брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы» тақырыбында баяндайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, «Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері туралы»; «2011 – 2015-жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын орындаудың барысы туралы»; «Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді шаралар туралы» тақырыбында әңгімелейді.
ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Роза Кәріпжанова«Жастар саясатын жүзеге асырудың барысы туралы» тақырыбында ой қозғаса, ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев «Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы» тақырыбын айтып береді.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, «Оңтүстік Кореяның Президентінің мемлекеттік сапарына дайындықтың барысы туралы» тақырыбында әңгімелейді.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, «Энергия үнемдеуді дамыту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері туралы. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері» жайында хабарлайды.
ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев «Қылмыстық жолмен алынған табысты тазартуға жәнетерроризмді қаржыландыруға қарсы тұрудың халықаралық стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған және қосымша шаралар туралы» тақырыбында айтып береді.