• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
М.Оспанов: Тариф  үрдісіне  тұтынушылардың қатысуы – қатаң талаптардың  бірі 02.06.2014

«Тариф  үрдісіне тұтынушылардың да қатысуына жол ашу қатаң талаптың бір шарты болып табылады.Инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мен тәжірибені тереңдету мәселесін шешу үшін ұзақмерзімді мақсатты көрсеткіштер орнатылды. Олар шығынды азайту, жанармай үнемдеу, құрылғылардағы қуатты үнемдеу шаралары болып табылады», - дейді ол.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, өтемдік тариф жұмыс істейді.

«Инвестициялық бағдарлама бойынша монополистердің индикаторларына жетпегені үшін тариф қолданылады. Яғни тұтынушыға қайтарылады», - дейді ол.  

Айта кету керек, бағдарлама жобасы арқылы шетелдік кеңес берушілерді тартумен Еуропа даму және қайта құру банкінің зерттеуін өткізу қарастырылған. Қорытынды бойынша ұсынылған әдістер аясында 2015 жылдың қаңтар айына дейін заңнаманы жетілдірудің жол картасы дайындалады. Өз кезегінде тариф саясаты бойынша жаңа бағдарламаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ай соңына дейін Үкіметке ұсынады. 

Индира Кауметова 


Back to the list