• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан аусылдан азат ел атағын алуды жоспарлап отыр – АШМ 02.06.2014

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бастап ветеринарлық  қондырғыларды пайдалану сапасы мен талаптарды күшейтілген.

«2013 жылдың қазан айынан бері Астана қаласында Орта Азия елдерінде аусылмн күресті үйлестіру кеңсесі ашылды.  Орталық жанынан вакциналар банкі құрылмақ. Ондағы 2 млн еуро түріндегі алғашқы грант шекаралас өңірлерді вакцинациялау үшін жоғарғы сапалы вакциналарды сатып алуға жұмсалады», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанның 5 облысында түлікті вакцинациялау шаралары өткізілуде.

«Алдағы уақытта Қазақстан халықаралық эпизоотикалық бюродан қорғалған аймақта вакцинациямен аусылдан азат ел атағын алуды жоспарлап отыр. Қазірде Қазақстанның 5 облысында түлікті вакцинациялау шаралары өткізілуде. Атап айтар болсақ, олар Алматы, Жамбыл, ОҚО, ШҚО мен Қызылорда облыстары. Жұмыстар жүргізіліп біткеннен кейін аталмыш өңірлердің қауіптілігі жоғары аймақтарын бақылау жоспарланған», - дейді Г.Исаева.

Ал республиканың қалған облыстары вакцинаны қажет етпейтін жайлы өңірлер болып табылады. Ол жерлерде де бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Оның айтуынша, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар іске асырылуда. Атап айтар болсақ, олар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстанның алдағы уақытта ДСҰ-ға ену ниетінде атқарып жатқан жұмыстары.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list