• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Монополистердің қызметін реттеуді жеңілдету қарастырылуда- ТМРА 02.06.2014

«Бір уақытта негізгі баптар бойынша шығындарды реттеу бойынша ұсыныс жасақталды. Олар: электр энергия және жанармай, персоналдық жалақысы, ремонт, амортизация, шикізат және материалдар. Айта кетерлік жайт, олардың құрылымдағы үлесі 80%-ға жақын. Ал, шығындардың қалғаны әкімшілік шығындар болып табылады. Осы бөлікті монополист бекітілген нормадан аспай, оны дәлелдемей-ақ өзі құрастыратын болады», - деді М. Оспанов.

Сондай-ақ оның айтуынша, кейбір салаларды қайта реттеу ұсынылуда. Мысалы, экспорттық және транзиттік бағыттағы мұнай мен газдың тасымалын реттеуден шығару.

Бұл шаралар мемлекеттік реттеу деңгейін төмендетіп, әкімшілік кедергілер алынады. Сонымен қатар, тарифтерді бекіту процедурасы ашық қаралып, бекітіледі.

«Бұдан басқа, сараптаманың баламасы ретінде қоғамдық бірлестіктердің, ҰКП қатысуымен сарапшылар кеңесінің қорытындысы және энергоаудиттің нәтижелері қолданылатын болады», - деп ол түсіндірді.

Индира Кауметова


Back to the list