• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Агробизнес-2020» бағдарламасы ветеринарлық қауіпсіздікке  409 млрд теңге бөледі 02.06.2014

«2013 жылы ҚР Үкіметі «Агробизнес» салалық бағдарламасын қабылдады. Онда ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері де қарастырылған. Алдағы 7 жылда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесін дамыту аясында ветеринарлық санитарлық қауіпсіздікті қаматамсыз ету мәселелеріне 409 млрд теңге бөлінбек», - дейді Г.Исаева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ҚР Үкіметі мен халықаралық эпизоотикалық бюро саласында құрылған келісім іске асырылуда.

«Өздеріңізге де белгілі, қазіргі таңда Қазақстан ветеринарлық жүйсін жаңғырту бойынша ұзақмерзімді стратегиясын мақұлдаған жалғыз мемлекет болып табылады. Соңғы үш жылда бірнеше заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіліп, сонымен қатар оны орындау үшін нормативті-құқықтық актілер қабылданды», - дейді Г.Исаева.

«Бұл өз кезегінде халыққа қолдау көрсетудің жаңа формасын қарастыруға мүмкіндік берді. Атап айтар болсақ, сырға мен ветеринарлық куәлік беру үшін ауыл шаруашылық азық - түлік пен ветеринарлық анықтама беру, залалсыздандырылған малдың құнын иесіне қайтару, мал шаруашылығының өнімі мен шикізаты түрінде көрініс тапты», - дейді ол. 

Мадина Нұрбекова 


Back to the list