• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкімет орта мерзімді техникалық реттеу бағдарламасын қабылдады –ИЖТМ 27.05.2014

«Бүгін үкімет отырысында орта мерзімді техникалық реттеу саласының бағдарламасы қабылданды. Оның негізінде басты үш принцип жатыр: біріншіден, техникалық реттеу жұмыстары алдын-ала ұйымдастырылады. Өйткені жобаларға инфрақұрылымды дайындау керек. Жаңа талаптарға сай стандарттар әзірлеу керек. Екіншіден, біздің тауарлар Кеден Одағы, дүниежүзілік сауда ұйымы аясында халықаралық талаптарға сай болуы керек. Сондай-ақ, бизнеске жеңілдік шаралары қарастырылған. Артық техникалық реттеу ережелерінің күші жойылады», - деді Біржан Қанешев.

Оның айтуынша, сынақ лабораториясын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау сұрақтарын қарастыру керек.

«Біз Қазақстан аймағында және болашақ КО аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігінің сапасына қарауымыз қажет», - деді ол.

Жалпы, Б. Қанешевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін стандарттау саласында халықаралық ұйымдармен келісімге отыру қажет. Сондай-ақ, техникалық сарапшылар үшін халықаралық  техникалық комитетінде өз қызметін белсенділету қажет.

Камила Амирова


Back to the list