27.05.2014
«Бүгінде NCOC-та басқарудың жаңа жүйесіне бағытталған жан-жақты қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа операторға консорциумға қатысатын компаниялардың үздік мамандары тартылады», - дейді министр.
Оның айтуынша, оператор жүйесіндегі ұйымдастырушылық өзгерістер 2014 жылдың қыркүйек айында аяқталмақ.
«Бұл мердігерлердің де, біздің де бүгінге дейін жұмыс істеп келген ұйымдастыру жүйесіне деген қанағаттанушылығымызға байланысты. Оның қымбатқа түскені де жасырын емес. Ең бастысы, шешім қабылдау мен ұйымдастырушылық кездері өте ұзақ уақыт жүрді, өйткені иерархия өте қиынға соқты», - дейді министр.
Мадина Нұрбекова