• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 3 есеге артады – АШМ 17.05.2014

«Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылы азық-түлік және қайта өңдеу саласының негізгі капиталға инвестиция көлемі 97 млрд теңгеге дейін, яғни 3  %-ға, азық-түлік өндірісінің көлемі 30 %-ға, яғни 1271 млрд теңгеге және азық-түлік өндірісінде 68 мың адамға дейін жұмыс бастылық деңгейінің ұлғайып (2013 жылы  52 мың адам), азық-түлік өндірісінің импорт көлемі 3 есеге дейін 1322 млн $ АҚШ төмендемек», - деді ол.

Жалпы, 2013 жылы азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеу тауарларының ішкі сауда саттық айналымы 4 250 млн$. құрады, деп атап өтті министр.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары республикалық өнеркәсіп өндірісінің  5%, қайта өңдеу өндірісінің  16,5 % өндірді.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «2015-2019 жылдарға арналған ҚР азық-түлік өндірісін дамыту» бағдарламасы әзірленді.


Back to the list