• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкімет 2020 жылға дейінгі  азық-түлік  өндірісін  дамытудың  әдістерін бекітті– А.Мамытбеков 17.05.2014

«Қазақстан Үкiметi 2020 жылға дейiнгi азық-түлiк өндiрiсiн дамытудың жолдарын бекiттi. Ауыл шаруашылығының өнiмдерiн қайта өңдеу агроөнеркәсiп кешенiнің маңызды бөлiктерінің бiрi болып табылады. Сәйкесiнше ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дамытпайынша, ауыл шаруашылығын түгелдей дамыту мүмкiн емес. Бүгiнде ауыл шаруашылығының шикiзатын қайта өңдеу жалпы өңдеу өндiрiсiнiң 16,5%-ын құрайды. Бұл 50 мыңға жуық адам жұмыс жасайтын 2 мыңға жуық кәсiпорын. Соңғы жылдары өңдеудiң көлемi артып келетiндiгiн байқаймыз. 2013 жылы қайта өңделген өнiмнiң көлемi 1 триллион теңгенi құрады. Бұны 2009 жылмен салыстыратын болсақ, 65 пайызға артып отыр. Ол кезде қайта өңделген өнiмнiң көлемi 600 млрд теңгенi құраған едi», - дедi А.Мамытбеков. 

Министрдiң айтуынша, бiздiң нарықта импорттың үлес салмағы артып келедi. Ол қайта өңдеумен айналысатын кәсiпкерлер үшiн өз өнiмдерiн өткiзуде кедергiлер тудырып отырған көрiнедi.

«Импортты сараптай келiп, 500 жуық азық-түлiк өнiмдерiнiң үштен екiсi өнiмдердiң негiзгi 8 тобына тиесiлi. Атап айтар болсақ, жалпы импорттың 18%-ын кондитерлiк өнiмдер, сүт өнiмдерi 13%-ын, қант 8%-ын, құс етi 8%-ын, жемiс-көкөнiс консервiлерi 8%-ын, шай 5%-ын, сұйық май 3%-ын және шұжық 3%-ын құрайды. Осы негiзгi 8 топ жалпы импорттың 60%-дан астамын құрайды», - дедi ол.

Сонымен қатар, басым саланы анықтаудың екінші жолы ел экспортының даму  мүмкіндіктерін айқындау болып табылады.

Камила Амирова


Back to the list