22.04.2014
«14 сәуір күні Үкімет қаржылық сауықтандыру шараларын жүзеге асыруды қолға алды. Жылдың бірінші жарты жылдығында оған 140 млрд теңге бағытталады. Ол агроөндіріс кешенінің субъектілеріне жөнелтіледі», - деді А. Мамытбеков.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 8 қаржы институтынан өтініш келіп түсті, ол АӨК-нің 48 субъектісіне бағытталады. Қаражаттың жалпы құны – 97,9 млрд теңге.
«Бұл қаржының барлығы қор нарығынан сақталады, ал қалған қойылым бюджет есебінен субсидияланады», - деді министр.
Айта кетерлігі, өтініштер консолидациясы үшін қаржылық сауықтандырудың қосымша шараларын қолдану үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында несиелендірушілер Одағы құрылды.
ҰКП базасында несиелендірушілердің комитеті жұмыс істеуде, ол жеке қарыз алушылардың жағдайын бөлек қарастырады.