• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
А. Мамытбеков 2014 жылға арналған Үкімет  Жол картасының  бағдарламасын іске асырудың  3 бөлімін атап өтті 22.04.2014

 «Өздеріңізге белгілі болғандай, Үкіметтің жаңа құрамы 2014 жылға арналған үкіметтің Жол картасы бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспарын қабылдады.  Аталмыш жоспарда ауыл шаруашылығы бойынша бірқатар мәселелер бар. Дәл осы сала бойынша шаралар жоспарын 3 бөлімге бөліп қарастыруға болады», - деп А. Мамытбеков ағынан жарылды.

Сонымен, ол үкіметтің Жол картасы шеңберіндегі ауыл шаруашылығына қатысты 3 бөлімнің жүзеге асырылу барысын тілге тиек етті.

«Бірінші бөлім қаржылай сауықтыруға қатысты, екіншісі инвестициялық субсидиялау болса, үшіншісі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде ҚР Үкіметінің отырысында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру туралы шешім қабалданған болатын.


Back to the list