«Мұнда бірдеңе бар...»

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында үкіметтің ауысуы көбіне қасиетті жұма күні, я болмаса, 5 күннің қарсаңында болған екен.
22 Ақпан , 18:25

Мысалы, Бақытжан Сағынтаев үкіметінің өз өкілеттілігін аяқтағаны жөнінде жаңалық бейсенбі кешкұрым уақытта жарияланды.

Кәрім Мәсімов Үкіметі 2016 жылдың 8 қыркүйегі күні, бейсенбіде жұмысын тәмамдаған.

Әкежан Қажыгелдин 1994 жылдың 14 қазаны, жұма күні министрлер кабинетін басқаруға кірісті.

Даниал Ахметов Иманғали Тасмағамбетовтен тізгінді жұма күні қабылдап алды.

Марқұм Нұрлан Балғымбаев жұма күні тағайындалған.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үкімет жетекшісі ретінде алғашқы жұмысын жұма күні бастапты.

Ал 1991 жылы Сергей Терещенко, 2002 жылы Иманғали Тасмағамбетов, 2012 жылы Серік Ахметов үкіметтегі жұмысына аптаның бірінші күнінде кіріскен.

Кәрім Мәсімов болса екі рет премьер-министр болғанда да сәрсенбі күндері бекітілген екен.

Қазір ватсап, телеграмм мессенджерлері арқылы үкіметтегі ауыс-түйістерге қатысты сәуегейліктің небір үлгісін көріп отырмыз.

Әсет Исекешов Президент әкімшілігіне ауысқанда, көпшілік елорданың әкімі етіп кімді тағайындамады дейсіз.

Бірақ Бақыт Сұлтанов туралы тірі жан тіс жармады.

Ол Астана әкімі болады деген ой үш ұйықтаса да ешкімнің түсіне кірмеген еді.

Сондықтан, қазіргі таңда кімнің ҚР Премьер-министрі болатынын ешкім дөп басып айта алмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің «Еуразия жүрегінде» атты кітабында былай дейді:

- «Күтпеген бір ұсыныс жасалғанда алдымен келетін ой – «Бұл мүмкін емес!».

Сонан соң, - «Мұнда бірдеңе бар...».

Және ақырында – «Мұны кім білмейді!».

Халық алдағы аптаға, келешек съезге, жаңа тағайындауларға үлкен үмітпен қарайды.

Келер күннің бүгінгі күннен жақсы боларына сенеді.

P.S. орнына:

«Бір тәуекел бұзады,

Мың қайғының қаласын.

Бір жақсы сөз жазады,

Мың көңілдің жарасын» (Халық нақылы).

Оқи отырыңыз:

ҚР Премьер-Министрі болып Асқар Мәмин тағайындалды

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді

Асқар Мәмин: Нақты істер Үкіметіне айналуымыз тиіс

Жаңа министрліктер құрылды




Яндекс.Метрика