Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары

24.11.2021 1149

Бүгін ZOOM платформасында «Жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» әлеуметтік жобасының қорытындылары таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі

Жиын барысында«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ президенті Маргарита Өскембаева әлеуметтік жобаның мақсат-міндетіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қолдауымен ҚР Білім және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қоры жүзеге асырады.

«Жобаның басты мақсаты- жастар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ олардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту», - деді Маргарита Өскембаева.

Сондай-ақ, жоба үйлестірушісі Айгүл Беймишева жиында жоба қорытындыларымен таныстырды. Оның айтуынша, жоба аясында жасөспірімдердің ата-аналары мен қамқоршыларына арналған онлайн-тренингтер өткен. Аталған оқытуға бір жарым мыңға жуық ата-ана қатыстқан. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңғы онкүндігінде жергілікті деңгейде алған білімдерін одан әрі тарату үшін облыстық деңгейдегі жаттықтырушы-психологтар оқытылған. Оқуға 36 академиялық сағат бөлінген. Оның ішінде 12 сағат онлайн режимінде (Zoom платформасында), 6 сағат практикалық жұмыс және 18 сағат құралдарды практикалық апробациялау бойынша өткізілген. Сонымен қатар, ол жергілікті деңгейде өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу Қазақстанның әрбір өіңірінде облыстық дейңгейде жүзеге асырылғанын айтып өтті.

«Оның мақсаты-жастардың тікелей деңгейін арттыру. Онлайн оқыту 25-27 тамыз аралығында өтті. Жобаға 207 маман қатысты», - деді Айгүл Беймишева.

Ата-аналар мен қамқоршыларға арналған онлайн оқыту нәтижелері:

-         Өткіту мерзімі 2021 жылғы 9-25 маусым;

-         Барлығы 16 тренинг өтті.(8 орыс тілінде, 8 қазақ тілінде);

-         Қазақстанның барлық 17 өңірі қатысты;

-         Барлығы 1233 қатысушы;

-         50-ден аста жазбаша пікірлер алынды;

-         Сауалнамаға қатысқандардың 79% қткізілген тренингті «өте жақсы» деп бағалады;

-         Оқытылған мамандар өңірлерде 171 кездесу өткізді;

Қызылорда облысы бойынша жобаның өңірлік менеджері Майра Боранбаева Тренингтен өткен жасөспірімдердің 1233 ата-анасы мен қамқоршылары арасында ауылдық елді мекендерден көпбалалы отбасылар болғанын айтып өтіп, соның ішінде 13 бала өсіріп отырған көп балалы ана семинардан кейін қоңырау шалып, алғысын білдіргенін айтты.

«Көп балалы ана тренингтен көп ақпаратқа қанық болғанын айтты. Көтерілген әр мәселе өте пайдалы екенін жеткіздіп, алғысын жаудырды», - деді Қызылорда облысы бойынша жобаның өңірлік менеджері.