Ж.Каримова: Қолдау шаралары кезінде әкімшілік кемшіліктер жіберілмейді
27.04.2020
682
Бүгін мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев карантин уақын ұзарту жөнінде үндеу жариялап, қолдау шаралары кезінде бірқатар әкімішілік қателіктер жіберілгенін атап өтті. Осы орайда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Жанна Каримова енді мұндай қателіктер жіберілмейтінін, өткеннен сабақ алу қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
"Қолдау шараларының бірінші кезеңінде техникалық және әкімшілік кемшіліктер болғаны белгілі. Оны өз үндеуінде мемлекет басшысы да атап өтті. Алайда, менің ойымша, қазір бұл қателіктер түзетілді. Енді екінші кезеңде мұндай кемшіліктерге жол берілмейді деп ойлаймын", - деді Жанна Каримова.
Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес саласы айтарлықтай қиыншылық көруде, десек те мемелекет тарапынан бірқатар жеңілдік жасалды.
"Белгілі бір деңгейде шағын және орта бизнес саласы қиындық көруде. Бұл сала өте өзекті. Өйткені шағын және орта бизнес жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар ШОБ салық бюджетіне қаржы төлейді. Экономиканың бұл саласын қолдау өте маңызды. Тоқаев осы карантиннен кейінгі кезеңде экономиканы жандандыруға бағытталған шаралар аясында жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қазір олардың тізімі жасалуда. Оған ел экономикасы үшін аса маңызды компаниялар ғана енгізіледі", - деді ол.
ҚСЗИ әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісінің сөзінше, экономика үшін өзекті салаларды қолдау дағдарысқа қарсы қарсы стратегияны іске асырудың жаңа жолы.
"Негізінде, мемлекет қолдауы мен дамуы ұлттық экономикаға мультипликативті әсер ететін салалардағы кәсіпорындардың тізімі белгіленетін болады. Тұтынушылық сұраныстың төмендеуі жағдайында бизнесті несиелеу тиімсіз болуы мүмкін. Бұл тұрғыда экономиканың жүйелік маңызды салалардың, мәселен, көлік, энергетика, сауда, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін салаларды қолдау дағдарысқа қарсы стратегияны іске асырудың жаңа тәсілі болмақ", - деді Жанна Каримова.Назерке Сүйіндік