Талдықорғанда темекі өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды
Алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтап, жолын кесу мақсатында Алматы облысының МКД және Талдықорған қаласының МКБ қызметкерлері бірлесіп, қала аумағына тексерулер жүргізді. Тексеру барысында спиртті ішімдік пен темекі өнімдерін заңсыз сатқандар ұсталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz.
Нақтырақ айтсақ, қала орталығында орналасқан сауда үйі қоймасының бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және ілеспе жүк құжаттарсыз айналымы өткізу түрінде жасалған бұзушылық фактісі анықталып, 118 дана алкоголь өнімі тәркіленді. Жалпы соммасы 233 500 теңгені құрайды. Оның ішінде құрамында спирт бар өнімнің 90 дана бес литрлік ыдысы, 0,5 л – 22 дана және 1 л – 6 дана табылған. Сондай-ақ, 3360 дана 840 000 теңге сомасына акциздік маркаларсыз темекі өнімдерінің партиясы бары анықталды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Сонымен қатар, аталған факті бойынша материалдар тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.