Саяси партияларды тіркеудің шекті құны екі есеге төмендейді - М.Тайжан

20.12.2019 1248

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан кеңестен кейін әрбір адам цифрлыұ жолмен жердің жағдайы мен қалай қолданылып жатқаны енді қолжетімді болғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Бұл бізге тең бақылау мен цифрлық бақылауды ұсынады. Осыған байланысты бұйрық шығару туралы айттым. Бұл мәселеге АШМ Жер комитеті жауапты атқарады. Ғарыштық цифрлық бақылау – ең ашық бақылау болып отыр. Бұл адамның қатысуынсыз, дербес жүзеге асырылатын болады. Жер қолданылмай тұратын болса, салық 20 есе көп салынатын болады. Бұл тәртіп бойынша жерді игермей жатқан азаматтардың қалтасы ұрылады. Жылына олар 20 есе артық төлейтін болады», - деді М.Тайжан.

Сонымен қатар, ол ең маңызды мәселелер саяси салада болғанын атап өтті.

«Саяси партияларды тіркеу шекті құны екі есеге төмендейді. Яғни, 40 мыңнан 20 мыңға төмендеді. 174 бап-гуманизация, 130 бап – журналистерге қатысты маңызды бап болып отыр. Ғайбат айтқандарға қылмыстық емес, әкімшілік іс қозғалатын болады. 174 бап бойынша қылмысын өтегендер, олар 2 мыңнан астам адамды құрайды. Енді олар еркін жұмыс істейтін болады. Олар есепшот ашып, банк карталарын аша алмайитын еді. Өмір сүру қиын болатын. Қазір олар, әлеуметтендіріле алады», - деді ол.

Аягөз Құрмаш