Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді – Б.Атамқұлов
Республика бойынша 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Қара металлургияда өндіріс көлемі 101,5% құрады. Оң өсімге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ -да болаттың 26%, «Евраз Каспиан Сталь» ЖШС арматура прокаты 45 %, «Кастинг» ЖШС үздіксіз құйылған шаршы дайындамалары 8,7%, «АРАЗ» ЖШС рельстер 24% сияқты кәсіпорындардың өндіріс көлемінің артуы арқылы қол жеткізілді», - деді Б.Атамқұлов.
Сонымен қатар, министр түсті металлургияда өндіріс көлемі 8,1% өскенін атап өтті.
«Өндіріс көлемі келесі кәсіпорындар арқылы артты: «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-да: тазартылған мыс 19% , мыс катанкасы 101%, құймадағы алтын 14%, түйіршіктелген күміс 29%; «Қазмырыш» ЖШС-да: металл мырыш 3%; «Кастинг» ЖШС-да: мыс сымы 92%, жез қорытпасы 46% ; «Қазақстан Алюминий» АҚ-да: глинозем 1%; «Тау-Кен Алтын» ЖШС-да тазартылған алтын 33%, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да бастапқы алюминий 2%, «Қостанай минералдары» АҚ–да хризотил 7%, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС –да катодтық мыс 17 % артты», - деді ол.
Сонымен қатар, машина жасау саласында өндіріс көлемі мына көлемдердің ұлғаюы есебінен 30,4% өсті: автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 69,5% басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 20,7%, электр жабдықтары 17,8%, өзге де көлік құралдарын жасау 53,6%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 6,2%, компьютерлер жасау 9,6% өсті.
«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32,2% өсті. Өсім «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-де шығаратын өнім көлемінің 6 есеге артуымен байланысты болды. Бұдан басқа, «СК-Фармация» дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді», - деді ол.
Б.Атамқұловтың айтуынша, жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 14,2% өсті.
«Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 12,3%, былғары және оған жататын өнімдердің 18,9%, киім өндірісінің 14,7% ұлғаюына байланысты. Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде саланың дамуы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелі шаралар қабылдануда», - деді ол.
Оған қоса, тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі 8,1% ұлғайды.
«Бұл өсімге негізінен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (+6%), «RG Gold» ЖШС (+59%), «Майнқайналтын» АҚ (+55%), «Қазхром» ЖШС (+33%) кәсіпорындарының есебінен қол жеткізілді», - деді ол.
Сонымен қатар, 2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша елімізде құрылыс бойынша нақты көлем индексі 111,7% құрады.
« 16 өңірде оң динамика байқалады. Олардың ішінде Қарағанды (150,8%), Батыс Қазақстан (122,9%), Атырау (119,3%), Түркістан (118,5%) және Ақмола (117%) облыстары көш басында келеді. Тек Қызылорда облысында көрсеткіштің төмендеуі байқалады», - деді ол.
Министр тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың бірінші тоқсан қорытындысында 2 млн. 642 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты.
«Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,4 құрады. Жылдық жоспардың орындалуы 18,7% құрады (жоспар 14,1 млн. шаршы метр).Республика бойынша барлығы 21 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 10 мыңға жуығы - жеке тұрғын үйлер. Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 12 өңірде байқалады. Көшбасшы өңірлер: Алматы (120,9%), Жамбыл (120,6%), Қарағанды (107%), Павлодар (105,8%) және Қостанай (105,4%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (108,8%)», - деді ол.
Министр жыл қорытындысы бойынша министрлік жетекшілік ететін барлық салаларда нақты көлем индексінің жоспарлы көрстекіштеріне қол жеткізетінін атап өтті.
Аягөз Құрмаш