ҚР АШМ: Қазақстанда мал басы мен құстың саны артты

31.12.2019 1407

Биыл елімізде мал басы мен құстың саны артты, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.  

"Бүгінде Қазақстанда 31 млн. астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар. 2019 жылы Қазақстанда мал мен құс өндірісінің көлемі артқан. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 7,3 млн. бас ірі қара мал (2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3 %), 17,5 млн. астам қой (102,2%) және 886 мың шошқа (103,7%) бар. Жылқы саны елімізде 2,7 млн. (108,2%), түйе – 217 мың (106,9%), құстар - 47,5 мыңды (105%) құрайды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанда 2 млн. 337 мың ешкі бар, алайда аталмыш жануардың бұл түрі бойынша кері өсім (99,4%) тіркеліп отыр.

Айта кету керек 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізде 1,7 млн тонна мал мен құс сойылды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5 пайызға артық. Сондай-ақ Қазақстанда 5,5 млн тонна сиыр сүті (103,2%) және 5,8 млн тауық жұмыртқасы (99,3%) өндірілген.