Президент: Елді модернизациялауда мемлекеттік қызметкерлерге ерекше жауапкершілік жүктелді

23.06.2020 26404

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

"Бүгін Мемлекеттік қызметшілер күні. Реформалар мен елді жаңғыртуда, "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыруда оларға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Азаматтарымыздың заңды талаптарының орындалуы сіздерге байланысты. Қуатты, абыройлы Қазақстан құруға бағытталған еңбектеріңізге табыс тілеймін!", деді парақшасында.