Пітір-садақаны Smart Astana арқылы беруге болады
27.04.2020
516
Пітір-садақаны Smart Astana арқылы беруге болады, деп хабарлады Strategy2050.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың телеграм каналына сілтеме жасай отырып.
“Енгізілген карантиндік режимді ескере отырып, біз Smart Astana қосымшасында жаңа қызметті жасадық.
Енді сіз пітір-садақаны үйден шықпай ақ Smart Astana қосымшасының қайырымдылық бөлімінде бере аласыз.
Сізге «Менің төлемдерім» - «Қайырымдылық» - «Садақаның төлемі» бөліміне өту керек.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылға ҚМДБ-ның белгілеген пітір-садақаның мөлшері 370 теңгені құрайды.
Сондай-ақ, ыңғайлы болу үшін қосымшада елорда тұрғындары үшін Ораза кестесі қол жетімді”, - делінген хабарламада.