Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім - Саиров
Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын талқылау бойынша өткен дөңгелек үстелде айтты.
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Е. Саировтың қатысуымен өтті.
Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары туралы егжей-тегжейлі айта келе, Е. Саиров республиканың жекелеген шекаралас аудандарын дамытудың, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің, жастарға сапалы білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, саясаттанушы ұлттық қоғамдық сенім кеңесі нақты қандай жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.
«Ел Президенті Қ. Тоқаев педагогтің әлеуметтік мәртебесін арттыруды еліміздің басты басымдықтарының бірі деп белгіледі. Әлем өзгереді, дүниенің технологиялық құрылымы өзгереді. Осы кезеңнің басты тұлғасы - мұғалім. Мұғалім өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістер биіктігінде болуы керек», – деді Е. Саиров.Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Рамазанов алғы сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы барлығын тиімді және үйлестірілген жұмысқа жұмылдыратынын атап өтті.
Көкпекті ауданының әкімі А. Смаилов әрбір адам өз учаскесінде қойылған міндеттерді жүзеге асыруға барынша тікелей және белсенді қатысуы тиіс екенін айтып өтті. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы ғана азаматтардың әл-ауқатының өсуін, экономиканың дамуын, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
«Өңірді дамытудың негізгі басымдығы білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Технологиялар мен инновацияларға баса назар аудара отырып, біз білімге бас ию туралы естен шығармаймыз, ол елімізде жалпыға бірдей болуы керек», – деп белгіледі Е. Досымұлы.
Айта кетейік, дөңгелек үстел жұмысына жұртшылық, мемлекеттік органдар, бизнес, БАҚ өкілдері қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың негізгі бағыттары қоғам мүддесіне жауап беретінін және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру стратегиясына сәйкес келетінін атап өтті.