Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

24.06.2020 478

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов  коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Инстаграм парақшасына жазды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

"Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!", деп жазды ол.