Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты
Қазақстанда қанша адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды, деп хабарлады Coronavirus2020.kz.
2021 жылғы 29 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронаиврус екпесінің I компонентін 8 257 226 адам ектірген. Ал вакцинаның II компонентін алғандар саны - 7 449 299 адам.
Айта кетейік, елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 1 697 адам анықталды.
28 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда 1 697 адамның коронавиурспен ауырғаны ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 136
- Алматы қаласы - 222
- Шымкент қаласы - 34
- Ақмола облысы - 142
- Ақтөбе облысы - 54
- Алматы облысы - 134
- Атырау облысы – 24
- Шығыс Қазақстан облысы – 120
- Жамбыл облысы - 30
- Батыс Қазақстан облысы - 48
- Қарағанды облысы - 136
- Қостанай облысы - 131
- Қызылорда облысы - 46
- Маңғыстау облысы - 11
- Павлодар облысы - 236
- Солтүстік Қазақстан облысы – 163
- Түркістан облысы – 30
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 936 084.