Кадрлық резервке қатысу мен үшін орынды қадам болды - Р. Бектұров

15.01.2020 830

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығы биржасының Қаржы директоры Ринат Бектұров Кадрлық резервке қатысу орынды қадам болғанын айтты,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Мен қарарайым жүргізушінің жанұясында дүниеге келген бала,жастар кадрлық резервінен іріктеліп өтіп,Президент алдында сөз сөйлеп тұрмын. Әрине,бұл ата-анамның,ұстаздарымның еңбегінің жемісі. Сонымен қатар,еліміздегі тыныштықтың,мемлекет берген мүмкіндіктердің арқасында деп білемін", - деді Р. Бектұров.

Сонымен қатар, ол мектептін "Алтын белгіге" аяқтап, университет пен магистратурада тегін білім алғанын атап өтті.

"Кадрлық резервке қатысу мен үшін орынды қадам болды. Құрметті Прещидент мырза, халқымыздың жарқын болашағы үшін қызмет етуге мүмкіндік берген Отанымызға Мыңда бір алғыс. Кадрлық резервті құрып,бізге сенім артқаныңыз үшін үлкен рақмет. Біз сеніміңізді ақтаймыз деп уәде береміз", - деді Р. Бектұров.

Сондай-ақ, ол өзінің ойымен де бөлісті.

«Iшкi қорларды жандандыруға байланысты бірнеше ойым бар. Мысалы, қазақстандықтарды ақшаны жұмсаумен қатар жинақтау әдетіне баулу қажет деп кәмiл сенемін. Себебi жинақтау тек қана ауқатты адамдардың ғана емес, әр адамның дағдысы болуы тиіс. Ол үшін қаржылық сауаттылықты бала шақтан қалыптастыру қажет», - деді ол.

Айта кетейік,Президенттік кадрлық резервке 300 маман өтті.

Аягөз Құрмаш