Иранның «Бушер» атом электростанциясы маңында жер сілкінді

08.01.2020 1208

Иранның оңтүстігіндегі «Бушер» атом электростансасы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды Strategy2050.kz АА «Хабар 24-ке» сілтеме жасай отырып.  

Бұл туралы ирандық IRNA басылымы хабарлаған. Мамандардың ақпарына сәйкес жер дүмпуінің ошағы Боразжан қаласынан 10 шақырым жерде тіркелген.

 Ал «Бушер атом электростансасы жер сілкінісі ошағынан 48 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпар келіп түскен жоқ.