ФОТОРЕП: Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі елорда
56 күнге созылған төтенше жағдай режимі аяқталды. Мұны осыдан екі күн бұрын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында хабарлаған еді. Алайда, мемлекет басшысы төтенше жағдай режимі аяқталғанмен, еліміздің кейбір аймақтарында вирустың таралуы бәсеңдемей тұрғанын атап өткен еді. Оның сөзінше, вирус толығымен жойылған жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Десек те, елдің кей өңірінде саяжайлар мен парктер, жұмыс орындары ашыла бастады. Осы орайда көшеде, паркте серуендеп, қыдырып жүрген астаналықтардың карантиннен кейінгі көңіл-күйін біліп, карантин шараларын қаншалықты сақтап жүргенін білу мақсатында елорданың Орталық саябағына бардық. Серуендеп жүрген халық саны көп те емес, аз да емес. Тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі, карантин қолда барды бағалауды үйретті дейді олар.
Жасыл желегі жайқалған Есіл жағасындағы елордаПаркте велосипед, ролик, самокат теуіп жүрген елорда тұрғындары
Орталық саябақты әнге бөлеген астананың өнерпаздары
Азық-түлік дүкенінде жұмыс істейтін елорда тұрғыны карантин кезінде де жұмыс істегенінін айтады. Оның сөзінше, жұмыс уақытында барлық карантин талаптары сақталған, әрі басшылық бетперде, қолғап секілді дүниелермен қамтамасыз еткен.
Саябақта үй тапсырмасын қайталап отырған мектеп оқушылары
Карантин талаптарын сақтап, таза ауада үй тапсырмасын талқылаған елордалық лицейдің оқушылары. Олардың сөзінше қашықтан оқу алғашқыда қиын болғанымен, уақыт өте оған да үйреніп қалған. Әсіресе, түсінбей қалған тақырыптарды сұрау кезінде бірқатар қиыншылық туындаған. Өйткені оффлайн сабақта ұстаздың өзінен сабақ үстінде сұрауға мүмкіндік бар еді. Десек те, елорда тұрғындарының айтуынша, бұл да бір тәжірибе.
Елорда тұрғыны карантин кезінде барлық талаптарды сақтап, тіпті серуендеуге де шықпағанын айтады. Оның айтуынша, 11 мамырда саябаққа бірінші рет келген, алайда жабық тұрған. 12 мамырда қызын алып екінші рет келген ол парктің ашық болғанына қызы үшін қуанғанын жеткізді. Оның сөзінше, анасы үйде, үй шаруасымен айналысуда, ал ол қызының сұрауымен таза ауда қыдырып жүр.
Саябақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Паркте серуендеп жүрген мектеп оқушылары
Саябақта ролик теуіп жүрген бүлдіршін
Жасыл желек желек жамылған астана паркі. Саябақтағы фотосессия
Карантиндік шектеулер бірте-бірте алынуда
Балаларын бір өзі өсіріп отырған елорда тұрғыны карантин кезіндегі қашықтан оқыту барысында бірқатар қиындыққа тап болғанын айтады. Интернеттің өзін былай қойғанда, балаларға телефон да жетіспейді дейді ол. "Мектептен компьютер беретінін етіген кезде қуанған едік, алайда берілген жоқ" деді ол. Алайда, карантин кезінде тағайындалған әлеуметтік төлемді алған. себебі шаштаразда жұмыс істейтін ол карантин кезінде жұмысы тоқтап қалған.
Саябақта велосипед пен электросамокат тізгіндеген елордалықтардың саны көп
Елорданың екі бөлігін қосатын Атырау сыйға тартқан көпір
Елорда тұрғыны карантин кезінде неше түрлі тағам дайындап, тәжірибе жасап көргенін айтады. "Жолдасым полиция саласында қызмет атқарады. Карантин кезінде біраз жүктемемен жұмыс істеді. Десек те, карантинге кейінгі кезеңмен салыстырғанда көп нәрсе өзгерген жоқ. Жұмысына бұрынғыдай барып келетін. Ал өзіме келсем, 4 айдан бері баламен үйдемін. Бір жасқа дейін балаға төлейтін жәрдемақыны аламын. 42 500 теңгеге өтініш те бермедік. Құрбылармен кездесуге асықтық, міне, паркте кездесіп, қыдырып жүрміз", - деді ол.
Алаңда баскетбол ойнаған балалар
Есіл жағасындағы астана