ФОТОРЕП: Елорда тұрғындары сақтық шараларына қаншалықты көңіл бөлуде
30.04.2020
2534
Осыдан бірер күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, елдегі төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартылатынын айтқан еді. Сонымен қатар бұрынғы өмір сүру салтына қайта оралу үшін карантин шараларын жеңілдетуге байланысты уәкілетті органдарға тапсырма берді. Oсылайша мемлекеттік комиссия ел президентінің тапсырмасы бойынша карантин режимін жеңілдетуді қарастырып, бірқатар шара ұсынды. Атап айтсақ, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайды. Сондай-ақ қазақстандықтарға аулада қыдырып, саяжайға баруға рұқсат етілді. Осы орайда, елордалықтардың қаншалықты сақтық шараларын орындап жүргенін білу мақсатында аулада серуендеп жүрген тұрғындарды бақыладық. Ауладағы және ойын алаңдарынан суреттер топтамасын ұсынамыз.
Суреттерден байқағанымыздай, ойын алаңдарында жүрген балалардың көпшілігі бетперде киген.Ойын алаңдары мен футбол ойнайтын алаңдарға балаларға толы
Балалар ойын алаңдарына көрік беріп тұр
Сурет:Бауыржан Жуасбаев