Елордалық ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады
Елордалық ТЖД ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
"Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы аумағында: 19 ақпанда бұлтты, түнде қар, кей кездері қатты жел соғады, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) болады. Боран, көктайғақ. Оңтүстік-бастыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде ауаның температурасы 6-8, күндіз 0-2 аяз болатынын хабарлайды", делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының шешімі бойынша 19 ақпанда 1-ауысым үшін 0-11-сынып оқушылары мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттеріне сабақ тоқтатылды.
Департаменттің жедел штабы құрылды, құрамына ТЖД (АҚБ, АТЖБ, ЖҚЖ, «ӨСжАҚЖҚ» ММ), қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің, аудандық әкімдік, ҚазАвтоЖол РМК қызметкерлері кіреді.
Жедел байланыс телефоны: 24-51-71, 24-51-47, 24-52-12.
Қаланың барлық бағыттарына тасжолдар жабық.
Елордалық ТЖД ескертеді: мұқият болыңыздар, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыздар.