«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шекті мағынасын түсіне білуіміз керек – И.Дастан
26.09.2019
1576
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына қатысты «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жетекшісі Исламбек Дастан өз пікірін білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
«Президенттің жастар кадрлық резервін құру туралы бастамасы өте дұрыс. Әсіресе, талаптардың ішінде 35 жасқа дейін дегені бар. Сондай-ақ, 5 жыл еңбек өтілі болуы керек. Алайда, қынжылтатын «дүние» үлкен шенді ағалардан алуы керек ұсыныс. Бүгінгі таңда жастар мен үлкен буын ағалармен үзілген ұрпақтар сабақтастығының «ұзын сымы» бар», - деді И.Дастан.
Сондай-ақ, жас маман Жолдауда айтылған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айтып берді.
«Аталған бағдарламаны кеңейтуді Президент өз Жолдауында тапсырды. Себебі, бұл бағдарламаның негізі ауылды елді-мекендерде жұмысшыларға қаржылай көмек көрсету болып табылады. Бағдарламаның атауы «Дипломмен ауылға» болса да, оның тереңдігі мен шекті мағынасын түсіне білуіміз керек. Ауылдық жерлерді дамытатын мамандар барса екен деген ниетіміз бар», - деді Исламбек Дастан.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында ««Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажет. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын» деген болатын.
Аягөз Құрмаш