Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады
26.06.2020
430
Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Профилактика шаралары аясында демалыс күндері қоғамдық көлік (27-28 маусым) жүрмейді. Автобустар мұқият дезинфекцияланады. Қоғамдық көліктер бұрынғы режимге 29 маусымда (дүйсенбіде) оралады.
Сонымен қатар барлық қоғамдық орындар жабылады: саябақтар, алаңдар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адам көп жиналатын орындар.