НАУРЫЗ мейрамы: Бауырсақ қалай дайындалады
Strategy2050.kz тілшісі Наурыз мерекесі қарсаңында қазақтың ұлттық асы бауырсақтың дайындалу жолының бір нұсқасын көрсетті.
Бауырсақтың дайындалу нұсқасы көп. Strategy2050.kz тілшісі көрсеткен нұсқамен әзірленген бауырсақ жұмсақ, үлпілдек әрі дәмді болып шығады.
Қажет ингредиенттер:
Ұн - 1350 гр
Сүт - 250 мл
Жылы су - 200 мл
Майонез - 70 гр
Ашытқы - 30 гр
Тұз - 30 гр
Қант - 30 гр
Сұйық май - 1 ас қасық (30 гр)
Дайындалу жолы:
1. Жылы сүтке ашытқы мен қант салып, 2 ас қасық ұн қосып, араластырамыз;
2. 10 минутқа бетін жауып қоямыз;
3. Өзге ингредиенттерді бірітіндеп салып, араластырамыз;
4. Ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз;
5. Қамырдың бетін жауып, жылы жерде ұстаймыз;
6. Жарты сағаттан соң бір басамыз, бір сағаттан соң қамырды жайып, пішінін келтіріп, қызған майда пісіріп аламыз!
Ас болсын!
Наурыз құтты болсын!
Видео: Рысбеков Мақсат