Қазақстан азаматының паспорты 10 күн ішінде дайын болады
15.01.2020
1628
ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба аясында Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімінде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.
Рәсімдеу үшін негіз болған жағдайда (тұрақты тұруға рұқсат, күндізгі оқу, еңбек шарты) паспорт 10 күнтізбелік күн ішінде рәсімделуі мүмкін.
Құжаттар тапсырылғаннан кейін азамат елшілік іске қосқан Телеграмм-бот арқылы құжаттың дайындығын қадағалай алады.
Сондай-ақ, құжаттану ережелері бойынша барлық қосымша ақпаратты http://kazembassy.ru сайтынан білуге , құжаттарды қабылдау және оларды дайындау ережесімен танысуға болады.