АХҚО мен Росгеология ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен «Росгеология» АҚ Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумының алаңында геологиялық барлауды қаржыландырудың балама көздерін тарту мақсатында АХҚО базасында цифрлық платформа құру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
«АХҚО-ның құқықтық режимі жаңа қаржы құралдарын пайдалануды реттеуге мүмкіндік береді. Инвестиция тартуда блокчейн технологиясы арқылы активтерді токендеуге болады. Росгеологиямен ынтымақтастық орнату ірі қаржылық емес ұйымдардың қаржы технологияларды қолдануы заманауи шешімдердің жарқын мысалы» - деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.
«Қазақстан Республикасы – криптоэкономикада белсенді жұмысқа бейімделген әлемнің аз ғана елдерінің бірі. Себебі АХҚО базасында реттеуші нормалары бар» - деп атап өтті Росгеология басшысы Сергей Горьков. – Біз геологиялық барлау мен жеке инвестицияларды тартуда инновациялық құрал болатын бастаушы компанияларды ерте қаржыландырудың цифрлық платформасын әзірлеу үшін АХҚО-мен күш-жігерді біріктіргенге қуаныштымыз.
Цифрлық платформа токенделген активтер мен өтімділікті қолдау, криптоқорғау цифрлық құралдары бар блокчейн технологияларында іске асырылатын болады.