А. Садырбай митингілердегі журналистердің рөлі туралы айтты
12.03.2020
671
Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай журналистердің рөлі туралы Strategy2050.kz тілшісіне айтып берді.
"Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер мен жеткіншектердің бейбіт жиналыстарға қатысу мәселесі осыған дейін де қызу талқыға түскен. Соңғы болған митингтерде кішкентай балалардың жүруі,жеткіншектердің қатысқанын білесіздер. Олардың қатысқаны,әрине,алаңдатады. Халықаралық ұйымдар бар. Олардың арнайы заңдары мен талаптары ескеріле ме деген сұрақтар болды",-деді Асхат Садырбай.
Ол атап өткендей, осы мәселені осыған дейін Ұлттық кеңес мүшелері талқылады.
"Қазір бұл мәселе қандай қалыпқа түсетіні маған да қызық",-деді ол.
Оған қоса,Асхат Садырбай журналистердің рөліне қатысты да өз пікірін білдірді.
"Журналистер бойынша арнайы бап тұр. Алайда,оны осы митингтер туралы заңға енгізу қажеттілігі бойынша сұрақ туындайды. Себебі,журналистердің құқықтары мен қызметтері туралы заманға сай өзгерістер қажет. Бірақ,оны митинг туралы заң жобасына енгізу қаншалықты қажет? Себебі,БАҚ туралы заң бар ғой. Ол өзгертулерді сол заңға неге енгізбейміз деген сұрақты министрге қойғым келеді",-деп түйіндеді А.Садырбай.
Айта кетейік,Мәжілісте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "ҚР-да бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобаларының тұжырымдамалық тәсілдерін таныстырды.