Табиғат ресурстарын басқару – салықтарды сауатты басқару

20.05.2014 7062

Дүниежүзілік экономика табиғи ресурстарды және де біріншіден, отын-энергетикалық және минералды саудалау, әзірлеу, игеру бойынша байланысын біріктіруімен жаһандану дәуірінде аяқ басты. Жаһанданудың басты ықпалы шикізат секторындағы табиғи ресурстарды өндіру және тұтынудың, сұраныстың орнықты түрі болып табылады, бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған баскармасының басшысы Шафкат Құдабаев мәлімдеді.

Шафкат Құдабаев:

«Дүниежүзілік жүйедегі Қазақстанның бәсекелестік ерекшелігі оның табиғи байлығының барымен байланысты. Табиғи ресурстар – еліміздің ұлттық байлығының аса құрамдас бөлігі, сол себепті шикізат базасын дамыту және тиімді қолдану оның экономикалық әлеуетінің өсу түрі болып табылады. Осыған байланысты жер қойнауын пайдалану саласына салық салу бюджетті қалыптастыру жағынан стратегиялық маңызы бар, және де ықтимал инвесторлар үшін саланың қызығушылығына едәуір әсерін тигізеді.

Пайдалы қазбаларды өндіру саласында салықтық реттеудің осы және басқа да әдістерін қолданудың негізі ретінде арада және одан да алыс келешекке қалыптастырылатын әлеуетті салалы мемлекеттік саясат болып табылады. Ол  қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын дұрыс пайдалану, мемлекеттік қауіпсіздіктің абзал міндетін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Осы бағыттағы Үкіметтің жұмысы қазір де ұлттық экономиканың бағдарлануын және қыр-сырларын ескере отырып, әлдеқайда жүйелі, кешенді мінезді алып келеді. Әрине, қазақстан экономикасындағы өндіру секторының әлеуеті салықтарды толық төлеуді қамтамасыз еткен кезде дүниежүзілік қаржылық нарықта күйзелістің өтімділігімен байланысты қандай да бір құбылысты өткеру үшін жеткілікті. Жер қойнауын пайдалану саласында салық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін Ел басымен салық органдарына ірі салық төлеушілерден салық түсімдерін бақылау қажеттілігі мен қазыналық мониторингтің тиімділігін жоғарылату бойынша міндеттер қойылған. Бұл «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Елбасының Жолдауында бейнеленген. Тапсырманы орындау мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын аса ірі жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс жүргізу бойынша Қаржы министрлігінің Салық комитетінде Мамандандырылған басқарма құрылған. Кейіннен осы құрылымдық бөлімшенің міндеті еліміздің барлық жер қойнауын пайдаланушыларын бақылауды жүзеге асыру бөлігінде кеңейтілген.   

Басқарманың алдында қойылған міндеттердің ішінде – салық төлеушілермен өзара әрекет етудің жаңа тәсілдемелері, мониторинг және бақылаудың қағидаттарын жетілдіру, салық салу саласында халықаралық кеңесшілерді тарту, республиканың экономикалық мүдделерін барлық заңды тәсілдермен қорғау. Сонымен қатар, кадрлық саясаты өзгертіліп, ол салық органдарында, ағылшын тілін меңгерген мұнай компанияларында және қаржы ұйымдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар білікті қызметкерлермен құрылымдық бөлімшені толтыруды мүмкін етті.

Ел басы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы халыққа Жолдауында еліміздің алдағы салық саясатының анық стратегиялық басымдылықтарын көрсеткен. Оның ішінде маңыздысы – шикізат емес секторы үшін салық жүктілігін төмендету, және өндіру секторынан экономикалық қайтарымды жоғарылату арқылы бюджеттің болжамды шығын өтемдерін қамтамасыз ету.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда және ірі жер қойнауын пайдаланушылардан салық төлемдері түсімдерін толық қамтамасыз ету үшін   мемлекеттің экономикалық мүддесін қалпына келтіру мақсатында ауқымды жұмыс атқарылған: алдында жасалған келісімшарттарды әкімшілендіру және камералдық бақылау, салықтық аудит, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу облысында заңнамалар жетілдірілген.  Қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2007-2008 жылдары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимінің тұрақтылығын жою негізі болып табылатын, барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірқалыпты салық жүктілігі қалпына келтірілген. Осыған жер қойнауын пайдаланушылармен және тәуелсіз халықаралық кеңесшілермен келіссөздер жүргізу, халықаралық тәжірибелерді зерттеу, жер қойнауын пайдалану саласында ұлттық және халықаралық заңнамаларға,  нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу бойынша бұдан бұрынғы жоспарлы жұмыстар себебін тигізген. Осы үдеріске Қауыпсіздік мәселелерін зерттеу бойынша Маршалл атындағы Еуропалық орталық, профессор - Грегори Глисон, Global Energy Outlook, Gordon Moody, World Energy Group, Inc. Журналының редакциялық алқасының құрылтайшысы, халықаралық сарапшы - Даниел Джонстон, Мұнай саласында келіссөздер жүргізу бойынша мамандардың халықаралық ассоциациясының (AIPN) мүшесі, Мұнай инженерлер қоғамының (SPE) және Неміс тау-көмір қоғамының мүшесі - Йоханнес Рат, халықаралық қатынастар және мұнай өнеркәсібінің жетекші маманы, оның  «Өндіру» кітабы Пулитцеровтік беделді сыйлымен марапатталған – Даниел Ергин сияқты сарапшылар тартылған болатын.

Нәтижесінде инвесторлардың және қоғамның жалпы осы мәселеге қатынасын өзгерте алдық және салықтарды белгілеу, тарифтерді реттеу және басқа да көпшілік-құқықтық реттеу мәселелері егеменді мемлекеттің құқығына жататынын бәрі түсінді. Біздің жұмысымыздың нәтижесі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық режимі тұрақтылығын жою түрінде жаңа Салық кодексінде өзінің орнын тапты. Өнімді бөлу туралы келісімдер (ӨБК) шеңберінде (13 жер қойнауын пайдаланушылар) жұмыс істейтіндерді қоспағанда, барлық жер қойнауын пайдаланушыларға 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оларды төлеу бойынша міндеттердің пайда болу кезінде қолданыстағы салық заңнамаларына сәйкес салықтарын есептейді. Салық режимінің тұрақтылығын жою барлығына бірдей қолданылған жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерін тиімді реформалауға рұқсат етті.

Сонымен, шоғырландырылған бюджетке жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері бойынша түсімдері 3 есе, 2008 жылда 719,5 млрд.теңгеден 2013 жылы 2 347,9 млрд.теңгеге дейін өскен. Оның ішінде, тек қана реформаланған рента салығы бойынша түсімдер 0,9 млр.теңгеден 884,2 млрд.теңгеге дейін көбейген.

Экономиканың шикізат емес секторына жүктілікті ауыстыру мақсатының жетістіктері туралы жаңа Салық кодексінің қолданыстағы шартында ЖІӨ-ге жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы салықтары мен төлемдерінің түсімдері үлесінің өсуі дәлелдейді (ЖІӨ-нің 2005-2008 жылдары 3,9%-дан 4,5% дейін, 2009-2012 жылдары 5,3%-дан 8,0% дейін үлесі). Осыған орай, КТС ставкасының 30%-дан 20% дейін төмендеуі, оның ішінде Қазақстан экономикасының шағын және орта секторына да жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктілігін ауыстырумен өтелген.

Бұл ретте, жаңа Салық кодексі күшіне енуіне байланысты болған салық заңнамаларындағы өзгертулер негізінде шетел инвесторлары үшін қазақстандық шикізат секторын тартымды етуі тиіс емес, өйткені Қазақстанда жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылардың салық жүктілігі басқа елдерге қарағанда төмен.  Мұнай және газ өндіру саласында салық салудың әлемдік тәжірибесіне талдау осындай операциялар үшін айтарлықтай тартымды болып саналатын бір қатар мемлекеттердегі сомалық салық жүктемесі Қазақстанда қамтамасыз етілетін салық жүктілігінен едәуір жоғарылатылғанын көрсетеді. Мысалы, таяуда Норвегияда мұнайгаз операцияларына сомалық салық жүктемесі 93%-ға жеткен. Соңғы деректерге сәйкес тек көмірсутекке Арнаулы салық ставкасы осы елде 50%-ға жеткен, корпорацияның табысына 28-пайызды салығына қосымша өндіруші компанияларға едәуір салық жүктемесін құрайды. Мұндай шарттарда шетел талдаушылары инвестицияларды жұмсау үшін Норвегияның мұнайгаз секторы тартымды деп санайды.

Ұлыбританияда мұнай операциялары сондай-ақ айтарлықтай жоғары деңгейде салық салуға жатады. Бұл елде көмірсутегіден (Petroleum Revenue Tax или PRT) табыс салығы 50% құрайды (75%-дан төмендегеннен кейін). Сондықтан, Қазақстанның жаңа Салық заңнамасы бір қатар салықтарға қатысты жоғарылатылған ставкаларды белгіленгенді көңілге ала отырып, Қазақстанда мұнайгаз операциялары шетел және ұлттық инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Жалпы халықаралық сарапшылардың қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі жер қойнауын пайдаланудың салық салу жүйесінің осы заманғы тәсілдемесіне сәйкес келеді.

Салық аудиті бөлігінде, салық аудиті процессінде ірі салық төлеушілердің, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен басқа да міндетті төлемдерін есептеуге бірыңғай тәсілдеме жасалып ендірілген.            

Ірі салық төлеушілердің және жер қойнауын пайдаланушылардың әкімшілендіруін жақсарту мақсатында «Электрондық аудит» және «Деңгейлес мониторинг» жүйелерін зерттеу және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жаңа енгізілімдер бір жағынан салық органдарымен нақты уақыт режимінде салық төлеушілермен өзара әрекет ету арқылы бақылауды жүзеге асыруды, басқа жағынан ағымдағы және жоспарлы қызметке салық салу бойынша тиісті ақпаратты және түсіндірмені оперативтік тәртіпте алып тұруға мүмкіндік береді. Осындай бақылау жүргізу барысында салық салу әдістемесіндегі бір қатарлы емес сәттері салық есептілігін құрастыру үдерісінде салық төлеушімен талқылануы мүмкін. «Электрондық аудит» жүйесін енгізу салық төлеушіде салықтық тексеру жүргізу уақытын едәуір деңгейде қысқартады.

Жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқаруды (БМБЖ) құру бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету жолға қойылған, оның шеңберінде осы жүйе тиімді қолданылады.  БМЖБ-ны қолдану жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру үшін қажетті ақпаратты айырбастауды қысқартты, жер қойнауын пайдаланушылардан деректерді сұраудың қажеті жоқ.

Ел экономикасының іс жүзінде 40% салық салу бөлігінде «мониторит» басқармасы. Жұмыстың тиімділігі сондай-ақ шоғырландырылған бюджетке салықтар мен арнаулы төлемдердің кірістері 2007-2013 жыларда 6 есе 2007 жылы 391,5 млрдютеңгеден 2013 жылы 2 347,9 млрд.теңгеге дейін өскені расталады.

Нәтижені қорытындылай келе, Ел басы осы саланы дамытуды бақылауға аса көңіл бөлетінін атап өту керек: «Қазақстан инвестиция үшін өңірлік тартылыс күші болуы тиіс. Біздің еліміз инвестиция үшін және технологиялар трансферті үшін Еуразиядағы ең тартымды болуға тиіс. Мұның принципті маңызы  бар. Біз инвесторларға қолда бар артықшылықтарымызды көрсетуге тиіспіз». («Қазақстан 2050» Жолдауынан)

Сондықтан жер қойнауына салық салу мәселелері инвестициялық климаттың жағдайын аса деңгейде сипаттайтын Қаржы министрлігінің Салық комитетінің жұмысында басым болып табылады. Өз алдына, салық органдары барлығының заң алдында теңдестікті конституциялық теңдестігін сақтау және біздің мемлекетіміздің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық заңды жігерін салады».