Астанада 20 млрд теңгеге үш жаңа көпір салынады
26.10.2016
2205
Астанада 20 млрд теңгеге үш жаңа көпір салу жоспарланып отыр, деді автожол басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин.
Сол жағалаудың көлік қысымын бәсеңдету үшін қысқамерзімді уақыт ішінде Тәуелсіздік даңғылының құрылысы № 46 көшеден Хусейн бен Талал көшесіне дейін салынады. Болашақта Хусейн бен Талал көшесі № 39 көшеден бастап салынады. Оның ұзындығы 10 шақырым болмақ.
«Бірінші жоба - Хусейн Бен Талал көшесінен № 46 көшеге дейін. Түйісу қарағандылық жолға дейін жетеді. Жаңа вокзалға дейінгі жолды жақында саламыз, оның ішінде екі көпір салу да бар. Үш көпірдің құны 20 млрд долларды құрайды», - деді ол.