Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді

19.10.2016 1987

Қазақстанда қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге өтемақы төленеді. Бұл туралы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры» заң жобасын таныстыруға арналған жалпы отырыста айтты.

«Заң жобасы қылмыстық құқық  бұзушылықтан жәбір көргендерге қаржылық өтемақы төлеудің құқықтық негізін анықтайды. Санаттар Қылмыстық кодекстің  62 бабы бойынша анықталады», - деді ол.

«Заң жобасы қаржы өтемақысының мөлшерін анықтайды, бірінші кезеңде ол минималды соманы құрайды, құқыққорғау органдары сәйкес шараларды жүргізген соң бекітіледі. Көрсетілген өтемақы прокуратура органдарының қатысуымен кінәлі адамнан алынады», - деді Б.Сұлтанов.

Алда кінәлі адамнан жәбір көрушіге бағытталған қаражатты алу сот арқылы шешіледі. Әрекеттегі тәртіп өзгермейді.

«Төлемнің құралы жәбірленгендерге өтемақы беру қоры болып табылады. Оны құру әрекеттегі Қылмыстық-процессуалдық кодекспен қаралады. Қордың жұмыс істеу әдісі Қазынашылықтағы соңғы есептің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл ең тиімді кесте болып табылады. Қордың заңды тұлғасы болмайды, басқару органы мен әкімшілік шығындар да тыс қалады. Бақылау Қазынашылықта іріктеу тәжірибесі арқылы жүзеге асады", - деді министр.

«Қылмыстық-процестік кодекске келтірілген зиян үшін ең аз ақшалай өтемақы алуға жәбірленушінің  құқықтарын түсіндіру бөлігінде түзетулер енгізу ұсынылады. Сол сияқты бұрын төленген өтемақы сомасын Қордың пайдасына қайтару жөнінде айыпталушыға регресстік талап қоюды сот үкіміне міндетті түрде енгізу туралы норма көзделіп отыр.

«Жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы» Заң жобасында Қорға түсетін түсімдердің көздері қарастырылған, сондықтан Қазынашылықта атқарылуы үшін бұл нормалар Бюджет кодексінде де көзделеді

Заң жобасын қабылдау қылмыстық құқық бұзушылықтардан жәбірленушілерге ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі құқықтық нормаларды заңнамалық бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді»,-деді министр. 

Министрдің айтуынша, жәбір көрушілердің үш санаты анықталды.

«Бұл зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен қинау сегіз бап бойынша. Екінші санат – денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе ЖҚТҚ/АҚТҚ вирусын жұқтырғандарға  19 бап бойынша. Үшінші санат – жәбір көруші оқиға кезінде бақилық болса 35 бап бойынша жазаланады», - деді министр.

Сондай-ақ, тұрақты жұмыс істеу үшін арнайы тәртіптер де бар.

«Бұл заң жобасының жеке баптары бойынша орындалу мерзімдері. Ол Қордағы ақшаны екі жыл бойы жинауға мүмкіндік береді, кейін бірінші төлем басталады», - деді министр.

Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда заңды мақұлдады.

Ботагөз Айтжанова