Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама басталды

18.10.2016 2988

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жарату жөніндегі бағдарлама басталды, деді ОКҚ мәслихатында «Оператор РОП» ЖШС атқарушы директоры Рүстем Темірбек.

Айта кетейік, толық жиынтықта 150 мың теңге және автокөлік жүрмейтін болса (көлік шанағы, есігі, қозғалтқыш, беріліс қорабы міндетті болуы керек) 48 мың теңге беріледі.

«Ескі көлікті жоюға тапсыратын заңды тұлғалар және оның атынан әрекет ететін сенімді тұлға мемлекеттік тіркеуде тұратындығы жөнінде қосымша анықтама дайындау керек. Жинақталған ескі көліктер автокөліктерді жоятын зауытқа жіберіледі», -деді ол.

В конце ноября 2016 года будет объявлен конкурс на оказание услуг по утилизации вышедших из эксплуатации транспортных средств.

9 айдың нәтижелері бойынша өткізілген 23 568 автокөлік (76%) импортқа шығарылды, 7154 сатып алушы (24%) қазақстандық автозауыттың өнімін таңдады.

Есеп беру кезеңінің нәтижелері бойынша қазақстандықтардың анағұрлым талап етіп отырған брендтердің рейтингісінде Lada көшбасшылыққа ие болып отыр: 2016 жылдың 9 айы ішінде республика аумағында ресейлік марканың 6 086 автокөлігі сатылды.

Қазақстандық кәсіпорындарда жүк автокөліктерін шығару 2016 жылдың үш тоқсанының нәтижелері бойынша өткен бір жылдың барабар көрсеткішіне 14,1 %-ға өсті және 1201 бірлікті құрады. Автобус техникасын шығару есеп беру кезеңінде 30,4%-ға, 103 бір. белгісіне дейін қысқарды.

Отандық автозауыттардың өтімі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 859 бірлікті құрады. Казавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі есеп беру кезеңінің нәтижелері бойынша 24,1% құрады. Оған қоса шілде-тамыз айларында бұл көрсеткіш сала тарихында алғаш рет 30%-дық белгіге аттап өтті.