Биыл Солтүстік Қазақстанда 350 тұрғын үй салынды
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 401 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 350 тұрғын және 51 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі – 6,5%, ауыл шаруашылығының көлемі – 6% ұлғайды.Шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудың басым көзі (63,6%) болып табылды, оның көлемі 72,6 млрд теңгені құрады.
«2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 401 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінен 350 тұрғын және 51 тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар. Негізгі құрал-жабдық 88,5 млрд теңге сомасына іске қосылды, одан 49,6% - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 19,5% - көлік және қоймалауға, 14,7% - өнеркәсіпке, 5,2% - білім беруге, 4,1% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 2,6% - көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге келеді», - делінген хабарламада.
2016 жылғы қыркүйекте жаңа құрылыс есебінен қазандық, минимаркеттер, шаштараз, мейрамхана және жалпы білім беретін мектептер пайдалануға берілді.
Облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен жалпы ауданы 60685 шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Тұрғын үй жалпы ауданының 1 шаршы метр құрылысының орташа құны 58,9 мың теңгені құрады (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 49,1 мың теңге).