Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық меншіктен 19 нысан сатылды
2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1013 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде 624 объекті жекешелендіруге жатады, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
2016 жылдың 11 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 518 объекті шығарылды, оның ішінде 322 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 164, ӘКК - 84, холдингтер бойынша - 56.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 5 188 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 101 млн. теңге, ӘКК 6 354 млн. теңге.
«Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 45 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 11 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 нысан шығарылды, оның ішінде 19 нысан сатылды», - делінген хабарламада.
Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 497 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде 290 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 11 қазандағы жағдайы бойынша 256 объекті шығарылды, соның ішінде 164 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату кесте бойынша сатуға 168 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде 125 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 107 объекті сатуға қойылды, 84 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 283 объекті жекешелендіруге жатады, 11 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған 164 объектінің 128 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 56 объект сатылды.