Қарағанды облысында 183,1 мың тонна картоп жиналды

11.10.2016 2070

Қарағанды облысында күзгі жиын-терін науқаны аяқталуға жақын. Қарағанды облысында 183,1 мың тоннакартоп жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ауылшаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, қазірдің өзінде 1 млн тоннадан астам бидай орылған, бұл орта көрсеткіштен 40% жоғары. Егіннің бітік шыққаны соншалық, әр гектардан 14 центнер өнім алынған.

Сондай-ақ, аймақта көкөністер мен картоп жинау да қарқынды жүруде. Қазірдің өзінде 8,3 мың гектар (98,5%)  жердің картобы қазып алынған, одан 183,1 мың тонна өнім жиналған. Аймағымызда майлы дақылдарды өсіру де кең етек алып келе жатқаны белгілі, бүгінде облыс көлемінен бұл өнім түрінен 8 мың тонна  жиналған.

Фермелер көктемгі егіс науқанына қазірден бастап дайындалып жатыр. Алдағы көктемге жылдағыдан көп мөлшерде тұқым қалдырылған ( бидай өнімдері – 86,6 мың тонна және картоп – 25,5 мың тонна).