Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың зәкірі - Германияның ҚР-дағы елшісі

10.10.2016 2545

Қазақстан тұрақтылықтың зәкірі болып табылады, деді Ақордада Н.Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстау шарасында Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рольф Мафаэль.

«Қазақстан жақын арада  Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелейтін болады. Осы уақыт аралығында ел экономикалық және саясат саласында алға жылжыды. 2017 жылдың  ақпанында  біз екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуын мерекелейміз. Қазақстан өңірдегі тұрақтылық зәкірі болып табылады», - деді Р.Мафаэль.

Дипломаттың айтуынша, елдер арасында  саяси, экономикалық және мәдени салада тығыз байланыс орнатылған.

«Экономикалық қарым-қатынас келесі жылы тереңдей түседі деп ойлаймын, себебі бар әлем мен Германияның назары ЭКСПО өтуіне байланысты Қазақстанға ауады. Алдын ала айтатыным, неміс павильоны таң қалдыратын болады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова