Қазақстан Ресейде «Елшілік кештері» жобасын іске қосты (ФОТО)

08.10.2016 3038

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі «Елшілік кештері» жобасын іске қосты, шара аясында танымал ресейлік мәдениет қайраткерлері мен саясаткерлер, экономистермен кездулер өткізіледі.

Бірінші кездесу  танымал ресейлік исламтанушы,  Ұлы Петр атындағы антропология және этнография  музейінің ғылыми жұмыс бойынша директорының орынбасары «Manuscripta Orientalia» халықаралық журналының бас редакторы Ефим Резванмен кездесу өтті, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Е.Резванның «Түркістан»  кітабының тұсауы кесілді, кітап мұрағат және музей мен энциклопедиялық зерттеулерге сүйеніп жазылған.

Ресей тарихы Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты, деп есептейді автор.

«Ресейдің тарихы Ұлы дала, Қазақстанның тарихымен тығыз байланысқан. Біз Қазақстан аймағында зерттеу жүргізе отырып, Ресей тарихы туралы да айтарлықтай ақпаратқа қарық болдық. Кітап біздің музей мен қазақстандық серіктестер жұмысының бірлескен жемісі. Бұл жартылай роман болса, жартылай монография. Кітаппен әр түрлі форматта танысуға болады.  Кітап менің  ислам туралы жобаға арналған деректі фильмнің бір бөлігі», - деді ол.