ОҚО Өзбекстанға 92 мың тоннадан астам астық экспорттады

21.09.2016 2883

Ағымдағы жылдың басынан бастап Оңтүстік Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына 92,4 мың тонна дәнді дақыл экспортталды, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

Облыста өсімдік шаруашылығы өнімін дамытудың маңызды бағыттарының бірі астық өсіру болып табылады. Ай сайынғы мониторинг жұмысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйектегі  жағдайы бойынша, облыста дәнді- дақылдар 121,1 мың тоннаны құрады.

Жыл басынан бастап 1025,1 мың тонна астық кіріске алынды, оның ішінде сатылым – 943,4 мың тонна, тұқымға – 8,5 мың тонна мен жем-шөпке-73,2 мың тонна. Олардың негізгі үлесі 89,3 пайыз.

Департаментте ағымдағы жылдың басынан бастап облыстан 92,4 мың тонна дәнді- дақыл экспортталғаны айтылды,  ол өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға көп. Астық Өзбекстан Республикасына экспортталды. Ал астықтың импорты 0,1 тмың тоннаны құрады, астық Ираннан әкелінді.